Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2007
Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 маусым N 767
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1057 Қаулысымен.
Редакция 23.11.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы    Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:  
1. Қоса беріліп отырған Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.  
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201  қаулысын  жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N  1894  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:  
Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде: 
реттік нөмірі 11-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі"; 
Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесінде: 
І бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын: 
"24. Медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысу". 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.     
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2001 жылғы 7 маусымдағы
 N 767 қаулысымен
 бекітілген
Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесі 
 1. Медициналық және дәрігерлік қызметті лицензиялаудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген әрі медициналық және дәрігерлік қызметті (бұдан әрі - медициналық қызмет) жүзеге асыруға арналған лицензияларды заңды және жеке тұлғаларға берудің тәртібі мен шарттарын белгілейді.  
2. Медициналық қызметті лицензиялауды (Алматы қаласының аумағындағы қызметтен басқа) Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды атқаратын уәкілетті органы (бұдан әрі - Лицензиар) жүзеге асырады.  
Алматы қаласында медициналық қызметті лицензиялауды Алматы қаласының атқарушы органы осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.  
Полная версия
ИС BestProfi