көрсетілген қаулымен бекiтiлген Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесінде:
Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2007
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1224 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1057 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 20, 258-құжат) мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
15-тармақтың 5) тармақшасының екiнші абзацындағы "3" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетiлген Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiне 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1224 қаулысына қосымша
Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiне 1-қосымша
Лицензияланатын медициналық қызметтiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзбесi
1. Бастапқы (дәрiгерге дейiнгi) медициналық-санитарлық көмек
2. Жедел және шұғыл медициналық көмек:
1) тасымалдау кезiнде медициналық алып жүру;
2) шұғыл медициналық көмек;
3) жедел медициналық көмек.
Диагностика:
3. Зертханалық диагностика:
1) бактериологиялық зерттеулер;
Полная версия