Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.08.2007
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 302 қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысымен.(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ  алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібінде: 
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын: 
"17-1. Қойма және тұрақты үй-жайларды балалар мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және оларға іргелес жүз метр радиустағы аумақтарда орналастыруға тыйым салынады."; 
35-тармақтың 2) тармақшасындағы "50" деген сандар "37,5" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi