Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 және 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 356 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 861 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.08.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес (05.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
43-1) тармақша «қабылдау» деген сөзден кейін «, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:
«56-1) «Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;»;
57) тармақша «білім беру» деген сөздерден кейін «және (немесе) ғылыми» деген сөздермен толықтырылсын;
58) тармақша «мектептерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ «Назарбаев Университетінің» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi