1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2008
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 378 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 29.08.2008 № 792 Қаулысымен (22.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
3-тармақтың 16) тармақшасындағы "шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға" деген сөздерден кейін (;) қойылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтін, өз қызметін Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары туралы келісім негізінде жүзеге асыратын адамдарға".
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия