Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2018
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 1242 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 19 желтоқсандағы
 N 1242 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2001 жылғы 19 маусымдағы
 N 836 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға 
 квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің 
 шарттары мен тәртібі 1. Жалпы ережелер 
1.   Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі (бұдан әрі - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеудің және бөлудің тәртібін, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) шетелдік жұмыс күші (шетелдік қызметкерлер) - Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 
2) жұмыс беруші - қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға; 
3) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) - осы Ереженің 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган жұмыс берушіге орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасына шетелдік қызметкерді бір жұмыс жылынан аспайтын мерзімге тартуға беретін 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат; 
4) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі - квота) - республиканың экономикалық белсенді халқының санына шаққандағы процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі; 
5) бос жұмыс орны - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет); 
6) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіретін мемлекеттік орган; 
7) уәкілетті орган - жергілікті атқарушы орган; 
8) маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары - табиғат және ауа райы жағдайларына байланысты белгілі бір кезеңнің (маусымның) ішінде орындалатын ауыл шаруашылық жұмыстары.
Полная версия
ИС BestProfi