Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 және 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 407 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы N 1589 Қаулысы
Редакция 31.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес (13.10.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 407 қаулысында:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "үлгілері" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) күзетшіні мамандандырылған оқу орталықтарында (күзетшіні арнайы оқыту курсында) арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаның күзет бөлімшесінің, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлімшесінің қызметкерлері санының мынадай нормативтері:
1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:
бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;
он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
2) магистральдық құбырларды күзету кезінде:
айланып өтетін жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трасса жолының бойын, елді мекендерден алыстықты, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;
күзетілетін магистральді газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін;
3) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін орнатылған нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.";
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың күзет бөлімшелері және ведомстволық күзет бөлімшелері пайдаланатын арнайы қорғау құралдары мен арнайы техникалық құралдардың тізбесінде:
Полная версия