1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 19.07.2007
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 сәуір N 434.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1) 4-тармақтағы "күшіне енеді және жариялануға тиіс" деген сөздер
"заңды тұлғалар үшін және 2002 жылғы 31 қаңтардан бастап жеке тұлғалар үшін күшіне енеді" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында: 1-тарауда: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) медициналық, дәрігерлік қызметтен айналысу; 10 мал дәрігерлік қызметпен айналысу; 6"; 4-тармақтың 25) тармақшасындағы "тексеру" деген сөз "салыстырып тексеру" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия