1. "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 26 маусымдағы N 643 Жарлығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 26 маусымдағы N 643 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 ақпандағы N 292 Жарлығы
"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағына, 38-бабына, 38-1-бабына, 43-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Сот жюриi туралы ереже;";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы ережеде:
4-тармақта "бip жылға" деген сөздер "алты айға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша:
аудандық сот судьясының лауазымына кандидат үшiн - кемiнде екi жыл;
облыстық сот судьясының лауазымына кандидат үшiн - кемiнде он жыл, оның iшiнде, әдетте, кем дегенде бес жыл судья болған;
Жоғарғы Сот судьясының лауазымына кандидат үшiн - кемiнде он бес жыл, оның iшiнде, әдетте, кем дегенде он жыл судья болған жұмыс стажы бар;";
7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тағылымдамадан өту судьялық лауазымға кандидат тұратын жерi бойынша тiркелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандық соттарында жүзеге асырылады.";
13-тармақтың бiрiншi абзацы "жетекшiсiн тағайындайды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ тағылымдамашы-кандидат туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды" деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы үш жыл бойы жарамды болады, ол мерзiм өткеннен кейiн судья лауазымына тағайындалмаған кандидатқа қысқартылған бағдарлама бойынша бiр ай iшiнде тағылымдамадан қайтадан өту қажет.";
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Судьялардың республикалық және облыстық тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Полная версия

