Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1034 Қаулысы
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi; 
2) өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Омыртқасыз жануарлар түрлерiнiң Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзуге арналған тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 маусымдағы N 573  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 18, 165-құжат);
2) "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 сәуiрдегi N 408  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 10, 10-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi