«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 15.02.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 940 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 15 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1185 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 12, 129-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 940 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік жемдік астық ресурстарын, мемлекеттік тұқым ресурстарын, мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану тәртібін реттейді.
2. Мемлекеттік ресурстардың астығы мемлекеттік (республикалық) меншік болып табылады.
3. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) өзіне жүктелген функцияларды «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген құзыреті шегінде осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен (бұдан әрі — уәкілетті орган) шарт негізінде жүзеге асырады.
4. Агент мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты қызметтің нәтижелері бойынша уәкілетті органға Қазақстан Республикасында астықты өндіру, сақтау және сату үдерісіндегі қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен есептілік береді.
2. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және жаңарту
5. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды Агент Заңда және осы Ережеде белгіленген тәсілдермен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен көлемді құру және оған жеткізу мақсатында жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік астық ресурстарын жаңартуды Агент осы Ережеде белгіленген тәртіппен мемлекеттік астық ресурстарын бекітілген көлемге дейін толтыру және қажетті сапада ұстап отыру мақсатында жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік астық ресурстарына астықты сатып алуды Агент Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, Заңға, осы Ережеге, уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Агент отандық астық өндірушілерге ақша қаражатын астықты жеткізгеннен кейін немесе олар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бергеннен кейін аударады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Агент көктемгі-жазғы қаржыландыру кезінде жеткізілетін астықты алдын-ала қаржыландыруды жүзеге асырады.
Полная версия