Близость слов: Окончание:





Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 13 желтоқсан N 21
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «АІЖК-нің» сөздері «АПК-нің» сөздерімен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «процессуалдық», «сот өндірісіне», «өндірісте», «өндіріске», «өндірісіне», «талапкердің», «талапкерлер», «Талапкердің», «талапкерге», «талапкер», «талап арыздардың», «талап арыз беру», «талап арыздың», «талап арыздан», «талап арызды», «талап арыз мәлімдеу» деген сөздер тиісінше «процестік», «соттың іс жүргізуіне», «іс жүргізуде», «іс жүргізуге», «іс жүргізуіне», «талап қоюшының», «талап қоюшылар», «Талап қоюшының», «талап қоюшыға», «талап қоюшы», «талаптардың», «талап қою», «талап қоюдың», «талап қоюдан», «талап қоюды», «талап қоюды мәлімдеу» деген сөздермен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысына сәйкес (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 28.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу мәселелерін реттейтін процестік заңнама нормаларын сот практикасында біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізу сатысындағы міндетті бөлігі болып табылады және ол тараптар ұсынған дәлелдемелер мен қолданылуға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес тараптардың заңды құқықтары мен міндеттерін, олар ұсынған дәлелдемелерді сот отырысында толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеп, заңды және негізді сот актісін шығару үшін қажетті жағдайлар тудырады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі — АПК) істі соттың қарауына әзірлеуді қамтамасыз ету жөніндегі 163-бабының екінші бөлігіне көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында судья талап қоюларды соттың іс жүргізуіне қабылдаған кезден бастап, сотқа берілген талап қоюлардың дәлелдемелермен негізделгендігі АПК-нің 148 және 149-баптарының талаптарына сәйкес келуін ескеруге міндетті.
1-тармақтың екінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. АПК-нің 163-бабының бірінші бөлігіне сәйкес судья әр іс бойынша, оның ішінде соттылығы бойынша басқа соттардан келіп түскен істер бойынша да, сондай-ақ оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуден істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша жалпы тәртіппен қарауға көшу немесе АПК-нің 267-4-бабының екінші бөлігіне сәйкес оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарылған сот шешімінің күшін жою кезінде істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарым шығаруы тиіс. Ұйғарымда, даудың санатын ескере отырып, оның сот отырысында уақытылы және дұрыс шешілуіне қажет болып табылатын нақты мерзімдер және әрекеттер көрсетілуі керек.
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5, 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулыларымен (12.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Іс бойынша шығарылған сот актісі апелляциялық немесе кассациялық тәртібінде бұзылып, іс бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына қайтарылған жағдайда да, осындай ұйғарым шығарылуы тиіс.
2-тармақтың екінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
АПК-нің 429-бабының бірінші бөлігіне сәйкес істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарымға шағым немесе наразылық келтіруге болмайды.
2-тармақтың үшінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымды шығарғаннан кейін судья жауапкерді белгіленген мерзімде талап қоюшының мәлімдеген талаптарына жазбаша пікірді дәлелдерін негіздейтін дәлелдемелермен бірге беруді міндеттейді. Пікірге уәкілетті адам қол қоюға және талап қоюдың көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей сотқа ұсынылуға және АПК-нің 166-бабының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2-тармақтың төртінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақтың төртінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 жылғы № 1 Қаулысымен (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Апелляциялық сатыдағы судья АПК-нің 413 және 414-баптарының талаптарын ескере отырып, іс сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі қарауға дайындау тәртібімен АПК-нің 165-бабына-бабында көзделген әрекеттерді өз бастамасы немесе іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша жүргізуге құқылы. Іс апелляциялық сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберіле отырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың іс бойынша бұрын шығарған сот актілерінің күші кассациялық тәртібімен жойылған кезде де апелляциялық сатыдағы судья істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығаруы мүмкін.
2-тармақтың бесінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақтың бесінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 жылғы № 1 Қаулысымен (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. АПК-нің 14-бабына сәйкес сотқа талап қойылған тілді сот ісін жүргізу тілі деп есептеген жөн. Алайда, егер істі сот талқылауына дайындау кезінде талап қоюшыдан не екі тараптан сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы жазбаша өтінішхат келіп түссе, судья істі сот отырысында талқылау жүзеге асырылатын сот ісін жүргізу тілі туралы ұйғарым шығарады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысына сәйкес (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Судьялар азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеген кезде АПК-нің 46-бабында көрсетілген процестік құқықтар мен міндеттерді, оның ішінде мәлімдеген талаптарын негіздейтін дәлелдемелер немесе оларға келтірілген қарсылықтарын ұсынуға міндетті және процестік міндеттерді орындамаудың құқықтық салдары туралы талап қоюшылар мен жауапкерлерге түсіндіруі тиіс.
4-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Талап қоюшының не жауапкердің өтініші бойынша дәлелдемелер сұратуға жәрдемдесе отырып, судья істі сот талқылауына дайындаған кезде, ол дәлелдемелердің бір-бірінен артықшылығы туралы пікірін білдіруге қақысы жоқ.
5. Азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған даулар (жанжалдар) бойынша - осындай дауларды, бұған заңмен тыйым салынбаған жағдайларда, тараптардың жазбаша келісімімен төреліктің, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының қарауына беру құқығы, осы процестік әрекетті жасау тәртібі және оның құқықтық салдарлары тараптарға түсіндірілуі тиіс. Алайда, тараптардың осындай құқықтары түсіндірілмегені туралы уәждері, азаматтық істің сот талқылауына тиісті түрде әзірленбеді деп саналмайды.
5-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 жылғы № 1 Қаулысымен (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Соттың тараптарға татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді жасасу құқығын регламенттейтін АПК-нің 48-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тараптардың осындай келісімдерді жасасу құқығын түсіндіргені жөн.
5-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Тараптар жазбаша түрде жасалған және олардың қолы қойылған татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді ұсынған кезде, судья АПК-нің 172-бабының талаптарына сәйкес АПК-нің 18-тарауында белгіленген қағидалар бойынша алдын ала сот отырысын өткізеді және 48-бабына, 168-бабының бірінші бөлігіне, 277-бабының 5), 6) тармақшаларына сәйкес оларды бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығаруға құқылы. АПК-нің 109 және 115-баптарының негізінде судья сот шығыстарын АПК-нің 176-бабы төртінші бөлігінің сот шығыстарын өзара өтелгенін тану негіздері туралы ережелерін ескере отырып, келісімдердің шарттарын негізге алып тараптардың арасында бөлуге міндетті. Сот татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдерді бекіткен кезде төленген мемлекеттік баж «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.
6-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Егер азаматтық істі сот талқылауына дайындау барысында сотқа тараптардың атынан олардың өкілдері қатысса, онда судья АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігінде аталған әр процестік әрекетті жасау үшін тиісті түрде ресімделген уәкілеттіліктерінің бар-жоғын тексеруге міндетті.
7-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. Егер істі сот талқылауына дайындау кезінде талап қоюшының сол немесе басқа жауапкерлерге мәлімделген талап қоюынан туындайтын басқа да талаптары, ал жауапкердің талап қоюшыға қарсы талаптары бар екені анықталса, онда судья АПК-нің 15-бабының төртінші бөлігіне сәйкес талап қоюшының қосымша талап ұсынуға, ал жауапкердің қарсы талап қоюға құқықтарын түсіндіреді, бұл ретте оларға аталған іс жүргізу әрекеттерін жасау немесе жасамау салдары туралы ескертілуге тиіс». АПК-нің 169-бабының бірінші бөлігінде және 153-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, талап қоюшы қосымша талаптар қою, ал жауапкер қарсы талап қою құқығын АПК-нің 164-бабында көрсетілген істі сот талқылауына дайындау мерзімдерінің шектерінде жүзеге асыра алады. Бұл ретте қосымша талаптар, қарсы талап қою АПК-нің 164-бабында көрсетілген істі соттың қарауына әзірлеудің іс жүргізу мерзімінің өтуін тоқтатпайтынын және оны ұзарту үшін негіз болып табылмайтынын ескеру қажет. Талап қоюшының істі апелляциялық сатыда қарау сатысында осындай қосымша талаптар қою құкығы көзделмеген.
8-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жауапкердің қарсы талап қоюы АПК-нің 154-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, оны талап қоюшының қойған талабымен бір іс жүргізуде қарау үшін қабылдайды. Егер талап қоюдың мазмұны АПК-нің 154-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, онда судья АПК-нің 152-бабының негізінде қарсы талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5, 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулыларымен (12.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақтың екінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9. Егер талаптардың сипаты, олардың өзара байланысы және ортақ дәлелдемелерінің болуы, олардың неғұрлым тез әрі дұрыс шешілуіне мүмкіндік беретін жағдайда ғана бірнеше талаптарды бір іс жүргізуге біріктіруге болады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Республикасы Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 7 Нормативтік қаулысымен (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Талап қоюшының бір талап қоюда біріктіріп берген талаптарын, егер судья олардың жеке қаралуын қажет деп тапса, оларды ажыратып қарауына болады.
Бірнеше талаптардың біріктірілуі немесе олардың ажыратылуы судьяның бөлек ұйғарымымен ресімделуі тиіс, оған АПК-нің 429-бабына сәйкес апелляциялық тәртіпте шағымдануға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға болмайды.
9-тармақтың үшінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10. АПК-нің 163-бабында белгіленген сот талқылауына істерді дайындау міндетін орындай отырып, судья АПК-нің 165-бабында көзделген әрекеттерді жасайды. Егер талап қоюға пікірде қарсы талаптың болуы көрсетілсе, онда судья жауапкерге оны ұсыну тәртібін түсіндіреді. Талап қоюға пікірді ұсынбау істі қарау және шешу үшін кедергі болып табылмайды.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тараптар ұсынған жазбаша құжаттардың негізінде судья іс бойынша нақты мән-жайларды анықтайды. АПК-нің 165-бабында көрсетілген әрекеттердің тізбесі түпкілікті болып табылмайды, олардың көлемі мен мазмұны істердің нақты санатын қарау ерекшеліктеріне байланысты болады.
11. Істерді сот талқылауына дайындау нәтижелері бойынша АПК-нің 172-бабының талаптарына сәйкес алдын ала сот отырысы өткізіледі. Іс сот талқылауына жеткілікті дәрежеде дайындалмаған деп танылған жағдайда, судья тараптардан мәлімделген талаптарды негіздейтін немесе теріске шығаратын қосымша дәлелдемелердің болуын анықтайды, дәлелдемелерді талап етіп алдыруға көмектесу туралы өтінішхатты беру құқығын түсіндіреді, осындай әрекеттерді жүзеге асыру үшін мерзімдерді белгілейді, АПК-нің 164-бабының бірінші бөлігінде белгіленген негіздер болған кезде істі сот талқылауына дайындау мерзімін ұзартады. Алдын ала отырысты тағайындау туралы ұйғарым шығарылмайды. Істің күрделілігіне байланысты ерекше жағдайларда, судья істі дайындау мерзімін ұзарта алады және қажет болған жағдайда алдын ала сот отырысын қайта өткізуге құқылы.
11-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен. (12.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12. АПК-нің 51-бабына сәйкес даудың мәнісі бойынша дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар істі соттың қарауына әзірлеу сатысында тараптардың не судьяның бастамашылығымен іске қатыса алмайды. Мұндай адамдар, егер қажет деп тапса, өз бастамасы бойынша талап қоюшыға не жауапкерге талап қою арқылы іске қатысуға құқылы.
12-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5, 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулыларымен (12.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
12-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Егер сот шешімі тараптардың біріне қатысты міндеттер мен құқықтарға әсер ететін жағдайда, жеке талап мәлімдемейтін үшінші тұлғалар судьяның немесе тараптардың бастамасымен процестің кез келген сатысында, соның ішінде істі сот қарауына дайындау сатысында іске қатысуға тартылады. Бұл адамдар АПК-нің 52-бабына сәйкес талап қоюдың негіздемесі мен мәнісін өзгерту, талап көлемін ұлғайту немесе азайту, талап қоюдан бас тарту, талап қоюды қабылдау, бітімгершілік келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасасу қарсы талап қоюды мәлімдеу, сот шешімін мәжбүрлеп орындату құқықтарын қоспағанда, тиісті тараптың процестік құқықтары мен міндеттеріне иеленуіне болады.
12-тармақтың екінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Егер сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені істі өзінің іс жүргізуіне қабылдау кезінде шешсе, сондай-ақ АПК-нің 52-бабы бойынша үшінші тұлғаларды тарту қажет болған өзге де жағдайларда, бірінші сатыдағы сот шешімінің күші кез келген жағдайда жойылуға тиіс екендігін регламенттейтін АПК-нің 427-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, істі әзірлеу мақсатында апелляциялық сатыдағы сот заңдылық мүддесі үшін істі апелляциялық сатыда қарау сатысында үшінші тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл ретте істі әзірлеу АПК-нің 413-бабында белгіленген шекте жүргізілуге тиіс.
12-тармақтың үшінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 Нормативтік қаулысымен.
14. АПК-нің 54-бабына сәйкес мемлекеттің мүдделерін қозғайтын істер бойынша, қоғамдық мүдделерді немесе өздерін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ істі сот талқылауына дайындау кезінде прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда, прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы міндетті болып табылады.
14-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5, 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулыларымен (12.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
14-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14-тармақ өзгертілді ҚР Республикасы Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 7 Нормативтік қаулысымен (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысына сәйкес (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге прокурордың наразылығын қабылдамау туралы (АПК-нің 300-бабы);
адамды ата-ана құқықтарынан айыру туралы («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 2-тармағы, сонымен қатар АПК-нің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда) істерді соттардың қарауы кезінде сот отырысына қатысуы міндетті.
Сот прокурордың сот отырысына қатысуын, мысалы:
басқа адамдардың мүддесі үшін прокурордың талап қоюы бойынша қозғалған;
тараптарының бірі кәмелетке толмағандар, мүгедектігі бар адамдар, әрекеттері шектеулі азаматтар болып табылатын;
тараптары мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бірлік болып табылатын істерді қарау кезінде міндетті деп тануы мүмкін.
Прокурордың сот отырысына міндетті түрде қатысуы жөнінде істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетіледі.
15. АПК-нің 56-бабына сәйкес іс бойынша қорытынды беру үшін, егер ондай қатысулары заңда көзделген болса, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқару органдарының өкілдерін қатыстыру туралы мәселені соттардың шешкені жөн.
15-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16. Іс соттың қарауына әзірлеу тәртібі бойынша сот АПК-нің 82-бабына сәйкес сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығаруға құқылы. Сараптама тағайындау туралы мәселені шешкен кезде сот тиісті түрде талап қоюшының немесе жауапкердің сараптама тағайындау туралы өтінішін қараудың орны мен уақыты туралы хабардар етуі тиіс, алайда бұл адамдардың сотқа келмей қалуы сараптама тағайындау туралы өтінішті қарауға кедергі келтірмейді. Сот сотқа келген тараптарға олардың сарапшылар алдына қойылатын сұрақтардың тұжырымдамасын жасауға құқылы екендігін түсіндіреді, бірақ сарапшылардың алдына қойылуға тиіс сұрақтардың түпкілікті шеңберін судьяның өзі сараптама тағайындау туралы ұйғарымда көрсетеді.
16-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулыларымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
16-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
16-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сарапшылардың шешуіне ғылым, техника, өнер саласында арнайы білімдерді талап ететін мәселелер ғана қойылуы мүмкін.
Сараптама істі сот талқылауына дайындау кезінде және шешім шығарылғанға дейін істі қарау барысында дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен тағайындалуы және жүргізілуі мүмкін. Іске қатысатын тұлғалар іс сот талқылауына тағайындалғанға дейін сараптаманың қорытындысымен танысуға тиіс.
16-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17. Өздеріне қажетті дәлелдемелерді сотқа ұсыну соңынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің арыздары бойынша сот АПК-нің 69, 70, 71-баптарына сәйкес дәлелдемелерді қамтамасыз ету шараларын қолданғаны дұрыс. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз АПК-нің 70-бабының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
17-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулыларымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
17-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Оларды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды істі іс жүргізуіне қабылдаған сот қолданады. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы шара қабылдау қажет болған жағдайда сот ұйғарымында тараптың өтініші бойынша қамтамасыз етіле алатын дәлелдемелерді көрсетеді (нақты куәгерлерден жауап алу, жазбаша немесе өзге дәлелдемелерді тексеру және т.б.).
Егер сот істі соттың қарауына әзірлеу барысында дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша шара қабылдау үшін негіз жоқ деп тапса, онда ол жайында шаралар қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығаруы қажет. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Істі соттың қарауына әзірлеу барысында Қазақстан Республикасының басқа ауданындағы немесе қаласындағы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті, сот сот тапсырмасы туралы ұйғарым шығару арқылы шешеді. Сот оны АПК-нің 75-бабында көрсетілген тәртіп бойынша орындайды.
Шетелдік мемлекеттегі дәлелдерді қамтамасыз ету немесе тараптардан дәлелдемелерді сұратуға көмек көрсету сот тапсырмасы туралы ұйғарым шығару арқылы жүргізіледі. Бұл ұйғарымды 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында Қазақстан Республикасы бекіткен "Құқықтық көмек және азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы конвенцияның" қағидаларына не Қазақстан Республикасының басқа шетелдік мемлекеттерімен бекіткен халықаралық келісімдеріне сәйкес шетелдік мемлекеттің тиісті соты орындайды.
18. АПК-нің 281-бабына сәйкес істі соттың қарауына әзірлеу кезінде жазбаша немесе заттай дәлелдемелерді қарау, сараптама тағайындау, бітімгершілік келісім шарттарын, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді, бекіту сияқты жеке процестік әрекеттер жасалған кезде жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама толтырылады. Бірінші сатыдағы сотта істі сот талқылауына дайындау барысында тараптың өтінішхаты бойынша не соттың бастамасымен, осы кезеңде даудың мәні бойынша шешім шығарылатын жағдайларды қоспағанда, хаттама толтырылады.
18-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулыларымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
18-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
18-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 жылғы № 1 Қаулысымен (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19. Судья азаматтық істі сот талқылауына дайындауды, егер АПК-де және басқа заңдарда өзгеше белгіленбесе, талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асыруы тиіс.
19-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулыларымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
19-тармақтың бірінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
19-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 жылғы № 1 Қаулысымен (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы істер бойынша АПК-нің 319-бабының екінші бөлігін ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында (аудандық, облыстық, республикалық деңгейде, Интернет желісінде, телевидениеде) азаматты хабарсыз кетті деп тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау жөнінде іс қозғалғаны туралы жарияланым берілгеннен кейін үш айды құрайды.
АПК-нің 164-бабында көрсетілген алименттерді өндіру туралы, жәбірленушілерге мертігуден немесе денсаулығына өзге де зақымнан келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша және еңбек қатынастарынан туындайтын барлық талаптар бойынша істерді соттың қарауына әзірлеудің жиырма жұмыс күні мерзімі ұзартылуға жатпайды. Істердің басқа санаттары бойынша ерекше жағдайларда судьяның ұйғарымымен бұл мерзім күрделі істер бойынша ғана қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін.
19-тармақтың төртінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Судьяның істі соттың қарауына әзірлеу әрекеттерін жиырма жұмыс күні мерзімі ішінде немесе кейбір санаттары үшін заң актілерінде көрсетілген мерзім ішінде бітіруі мүмкін болмағанда, ол ерекше жағдай деп танылады.
19-тармақтың бесінші абзацы өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
20. АПК-нің 168-бабының бірінші бөлігіне, 272, 273, 274-баптарына сәйкес заңның осы нормаларында көрсетілген мән-жайлар орын алып, олар жойылғанша, судья істі соттың қарауына әзірлеуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.
20-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 жылғы № 9 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.12.2016 жылы № 248 (28976) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
АПК-нің 271-бабының талаптарына ұқсастық бойынша судья іске қатысушы адамдарға істі соттың қарауына әзірлеуді тоқтата тұру туралы ұйғарымның көшірмесін жібереді.
Істі сот талқылауына дайындауды тоқтата тұру туралы ұйғарымға АПК-нің 429-бабында көзделген тәртіппен жеке шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін.
20-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Республикасы Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы № 7 Нормативтік қаулысына сәйкес (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
21. Іс жүргізуді тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамасымен іс бойынша іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысатын адамдарды азаматтық іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша хабардар етеді.
21-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 жылғы № 1 Қаулысымен (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау негіздерін төрағалық етуші жария етеді және сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жатады (хаттамалық ұйғарым).
Мұндайда, судьяның талап қоюды қабылдау және азаматтық істі қозғау туралы ұйғарымы шығарылған күннен бастап істі соттың қарауына әзірлеуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарылғанға дейін өткен мерзім істі сот талқылауына дайындау мерзіміне кіреді.
22. АПК-нің 173-бабына сәйкес судья істі соттың қарауына әзірлеу туралы ұйғарымда көрсетілген барлық әрекеттерді орындағаннан кейін, іс сот талқылауына дайын деп есептеледі.
23. Төмендегі құжаттардың күші жойылды деп танылсын: 
Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1986 жылғы 10 қазандағы "Азаматтық істерді соттың қарауына әзірлеу практикасы туралы" N 18  қаулысы; 
Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1987 жылғы 2 қазандағы "Кейбір азаматтық істер жөніндегі Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" N 11 қаулысының 4-тармағы; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 15 мамырдағы "Азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңдарын қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" N 5 қаулысының 2-тармағы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жалпы отырыстың хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.
24. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
24-тармақпен толықтырылды ҚР Жоғарғы Сотының 29.12.2012 № 6 Нормативтік қаулыларымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Полная версия
ИС BestProfi