Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1293 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес 
«Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 13.02.2015 жылғы № 88 Бұйрығын қараңыз
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                            К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 4 қарашадағы
 № 1293 қаулысымен
 бекітілген
Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары
1. Осы Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі – Декларациялар) табыс ету тәртібін айқындайды.
2. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналым көлемін декларациялау этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы туралы мәліметтер көрсетілетін декларацияларды табыс ету арқылы жүргізіледі.
3. Декларацияларда жеке және заңды тұлғалар ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей ай сайын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған орны бойынша салық органына (бұдан әрі – салық органы) табыс етеді.
4. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген табыс ету мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда, Декларацияларды табыс ету мерзімі аяқталуға дейін үш жұмыс күні ішінде, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес қағаз тасығышта және электрондық түрде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзарту туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) салық органына табыс етеді.
Салық органы өтінішті алған кезде Декларацияларды табыс ету мерзімін ұзартады, бірақ ол күнтізбелік 10 күннен аспауы тиіс.
5. Осы Қағидаларға сәйкес табыс ететін Декларацияларға жеке және заңды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.
6. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен олардың өндіру және айналым көлемін декларациялау кезінде қолданатын өлшеуіш бірлігі 1 дал 10 литрге тең келетін декалитр болып табылады (бұдан әрі - дал).
7. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес Декларацияны табыс ету кезінде:
СТН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірін;
ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке/бизнес сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде толтыруы тиіс.
2. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі
8. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды (бұдан әрі – 1-декларация) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салық органына этил спиртін өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның және (немесе) шарап материалын өндіруге арналған лицензияның немесе лицензияға қосымшаның негізінде этил спирті және (немесе) шарап материалының өндірісін және айналымын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар табыс етеді.
Полная версия
ИС BestProfi