Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 62 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 4 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 4175
Осы редакция 24.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңның 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Заңның 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сай Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.): 
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстанның тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
5. Агенттiктiң Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2006 жылғы 25 ақпандағы
 N 62 қаулысының 1-қосымшасы
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң
 жүйесiн жүргізу ережесі
Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы " (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң), "Акционерлік қоғамдар туралы " және "Инвестициялық қорлар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі - тізілімдер жүйесі) құрайтын құжаттардың тізбесін, тізілімдер жүйесін қалыптастыру, сақтау және жүргізу тәртібін, тізілімдер жүйесіндегі жеке шоттан жасалатын үзінді көшірмелердің нысанын және мазмұнын белгілейді, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне енгізілетін мәліметтерді айқындайды.
кіріспе өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 200 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі - белгілі бір күнге бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы және осы ұстаушыларды бірегейлендіруге мүмкіндік жасайтын мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрі және саны;
1-1) жеке шоттардың бірыңғай жүйесі – жүргізілуін тіркеушілер жүзеге асыратын, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі мәліметтердің жиынтығын көрсететін, орталық депозитарий қалыптастырған деректер базасы; 
2) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты – тізілім жүйесінде бағалы қағаздардың меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын тіркелген тұлғаға ашылған, мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша мәмілелерді есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот; 
Полная версия
ИС BestProfi