Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.10.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 Қаулысы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 47-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680  қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 52, 478-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 тамыздағы N 793  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 29, 251-құжат); 
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қазандағы N 1082  қаулысының  1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 355-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 29 сәуірдегі
 N 343 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу ережесi
1. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) нормативтiк құқықтық кесiмдердiң деректемелерiн және осы кесiмдер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн мемлекеттiк есепке алудың бiрыңғай жүйесiн бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң эталондық бақылау банкi (бұдан әрi - Эталондық банк) ол туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң (өзгерiстермен және толықтырулармен) басылған мәтiндерiнiң жиынтығын бiлдiредi.
2. Мемлекеттiк тiзiлiм мен Эталондық банк Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң бiрыңғай мемлекеттiк есебiн қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
3. Мемлекеттiк тiзiлiмдi және Эталондық банктi жүргiзу Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарына жүктеледi.
"Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны  (бұдан әрi - РҚАО) Мемлекеттiк тiзiлiмдi жүргiзудi қамтамасыз етудi жүзеге асырады. 
4. Мынадай нормативтiк құқықтық кесiмдер Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiс:
Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
Полная версия
ИС BestProfi