Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2009
Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 678 қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2009. № 1061 Қаулысымен. (08.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 08.08.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
1) "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы N 592 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 15, 166-құжат); 
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы N 592 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 194-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 21 маусымдағы
 N 678 қаулысымен
 бекiтiлген
Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi
Ережеге өзгертілді ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы № 679 Қаулысымен.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және алдағы қаржы жылына арналған жергілiкті бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.
1. Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Республиканың орта мерзiмдi жоспары), жергілiкті өкілдi орган бекiтетiн Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Өңiрдiң орта мерзiмдi жоспары), жергiлiктi атқарушы орган бекiтетiн тиiсті әкімшілiк-аумақтық бiрліктің алдағы үш жылдық кезеңге арналған Орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат), мемлекеттiк, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына елдегi ахуал және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау және өткен және ағымдағы қаржы жылдарында жергілікті бюджеттердi атқарудың нәтижелері, алдағы қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттердің жобаларын әзiрлеудің негізі болып табылады.
2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзiрлеу процесi мынадай кезеңдердi қамтиды: 
1) алдағы қаржы жылына арналған түсiмдердiң болжамды көрсеткіштерiн айқындау; 
2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін айқындау; 
2-1) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін айқындау; 
Полная версия
ИС BestProfi