«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.05.2015
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 512 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 291 Қаулысына сәйкес «Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 26.01.2015 жылғы № 50 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 512 қаулысымен бекітілген
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді және сот сараптамасы органдары қызметкерлерінің, сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдардың және сот сараптамасын жүргізуді біржолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге де адамдардың сот сараптамасы объектілерін қабылдаудың, сақтаудың және қайтарудың тәртібін белгілейді.
2. Заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі мен психикасының жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасының мәніне жататын, ол бойынша сот сараптамасы жүргізілетін істердің материалдарында қамтылған мәліметтер сот сараптамасы объектілері болып табылады.
3. Тірі адамдарды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
1-бөлім. Сот сараптамасы объектілерін пайдалану тәртібі
1. Сот сараптамасы объектілерін қабылдаудың тәртібі
4. Сот сараптамасы объектілерін сот сарапшысына тікелей сот сараптамасын тағайындайтын орган (адам) не оның уәкілетті өкілі почтамен, арнайы байланыс арқылы жібереді.
Почта, арнайы байланыс арқылы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдарды, жарғыш құрылғылар мен жару құралдарын, жеңіл тұтанатын және жанғыш заттарды, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, қатты әсер ететін және улы заттарды, радиоактивті заттар мен ядролық материалдарды жіберуге тыйым салынады.
5. Сот сараптамасы объектілері олардың зақымдануы, ауысып кетуі, өзгеруі мүмкіндігін болдырмайтын және істер мен материалдар бойынша объектілердің маңызын беріп отырған белгілері мен қасиеттерінің, сондай-ақ ондағы іздердің сақталуын қамтамасыз ететін орауышқа салынады.
Сот сараптамасы объектілерін тасымалдау кезінде олар өз қасиеттері мен пішіндерін жоғалтпайтындай етіп орау қажет, сондай-ақ оларды бұрмалау мүмкіндігін болдырмау керек.
Әрбір тасымалдаушы-бұйым мен заттардың үлгілерін тасымалдау кезінде сот сараптамасы объектілерінің бір-бірімен жанасуын болдырмау үшін жеке ыдысқа (шиша сауытқа, полиэтиленнен жасалған пакетке) орау қажет.
6. Зерттелуге тиіс материалдардың ерекшеліктеріне орай, көлемдері мен өлшемдеріне байланысты сот сараптамасы объектілерін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сарапшысының оларға кедергісіз қол жеткізуін және сот-сараптамалық зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.
7. Орауышта сот сараптамасы объектісінің атауы, оның пайда болуы, алу шарттары, объекті табылған және алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты туралы мәліметтер, табу, алу және орау кезінде қатысқан адамдардың қолы, сот сараптамасын тағайындаған лауазымды тұлғаның қолы және оның қолын куәландыратын мөрдің бедері көрсетіледі.
Полная версия