Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.02.2012
Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңы
Осы Заң күшін жойды 06.03.2012 жылдан бастап ҚР 16.02.2012 жылғы № 561-IV Заңына сәйкес
Редакция 13.02.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттiлiгiне және әскери қызметiне қатысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери қызмет - Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызметшiлердiң мемлекеттік қызметiнiң ерекше түрі;
2) әскери қызметшілер - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
3) әскери мiндеттілер - әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шектi жасына дейiн запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) әскери атақ - әскери қызметшi мен әскери мiндеттіге берiлетін әскери айырым белгiсi;
5) әскери мiндеттілiк - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөнiндегi конституциялық мiндеттілігі;
6) әскери киiм нысаны - әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиiстiлiгiн айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген погоны бар нысанды киiм (киiм-кешек) мен жабдықтар;
7) шақыру бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер - мерзiмдi әскери қызметке шақырылған, сондай-ақ офицерлер құрамы лауазымдарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары;
8) келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер - Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке ерiктi түрде кiрген Қазақстан Республикасының азаматтары;
9) әскери лауазым - Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемесiнiң әскери атағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген лауазымдық өкiлеттіктер мен мiндеттер жүктелген құрылымдық бiрлiгі;
10) әскери жиындар - әскери қызметшілердің әскери даярлығы, әскери бiлiмiн жетiлдiру жөнiнде, сондай-ақ әскери мiндеттілердiң жауынгерлiк және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында оларды әскери бөлiмдерге шақыра отырып, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда жүргізiлетін iс-шаралар;
11) әскери есеп - әскери қызметшiлердiң, әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын, ресурстардың есебiн жүргізу және оларды талдау жүйесi;
12) әскери тағылымдама - практикалық дағдыларды меңгеру және жетілдiру, офицерлердiң даярлау бағдарламасы бойынша алған білiмдерiн тереңдету және орнықтыру;
13) тәрбиеленушiлер - әскери даярлық бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары;
14) жалпыға бiрдей әскери оқыту - соғыс жағдайы енгiзiлген кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтарын бастапқы әскери даярлыққа мiндеттi оқыту;
Полная версия
ИС BestProfi