Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.01.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1141 Қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: 
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 
01 "Әскери мұқтаждар" кіші функциясында: 
208 "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша 006 "Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту және сатып алу" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын: 
"006 Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу"; 
7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында: 
01 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясында: 
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: 
"049 "Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту 
050 "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту 
051 Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ға кредит беру"; 
11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында: 
02 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" кіші функциясында: 
272 "Облыстың сәулет және қала құрылысы департаменті (басқармасы)" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 
"002 Елді мекендердегі құрылыстардың бас жоспарын әзірлеу"; 
шығыстардың экономикалық сыныптамасында: 
1 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" сыныбында: 
110 "Жалақы" ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын: 
150 "Басқа да ағымдағы шығындар" ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын: 
"154 Алқабилердің ел ішіндегі іссапарлары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi