Близость слов: Окончание:





"Ы. Алтынсариннің ескерткіші" республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 690 Қаулысы
Редакция 10.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 38-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин көшесі, 118 «а» мекенжайы бойынша Ы. Алтынсарин мұражайының жанында орналасқан «Ы. Алтынсариннің ескерткіші» республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин көшесі, 118 А мекенжайы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың шағын бағына ауыстырылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.06.2015 жылғы № 426 Қаулысымен (03.07.2010 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi