Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2013
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 488 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6533 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2013 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 жылғы № 71 Бұйрығына сәйкес
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 920 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобына:
121 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 006 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «006 Астана қаласында саммитті ұйымдастыру бойынша іс шаралар өткізу»;
694 «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 020, 021 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«020 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының іс-шаралар өткізуі;
021 Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобына:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
001 «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз өту»;
4 «Іргелі ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобына:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 043 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «043 «Түрік академиясы» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»;
Полная версия
ИС BestProfi