1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы N 304 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6313 болып енгізілді
БҰЙЫРАМЫН:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
1 «Қосылған құн салығы» ішкі сыныбында:
02 «Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы» ерекшелігінің атауынан «шығарылатын және» деген сөздер алынып тасталсын;
05 ерекшелігінің атауында «Федерация» деген сөзден кейін «кеден одағында бірыңғай кеден аумағын құрғанға дейін» деген сөздермен толықтырылсын;
08 ерекшелігінің атауында «Беларусь» деген сөзден кейін «кеден одағында бірыңғай кеден аумағын құрғанға дейін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұнда 09, 10 ерекшеліктермен толықтырылсын;
«09 Ресей Федерациясының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларына салынатын қосылған құн салығы
10 Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларына салынатын қосылған құн салығы»;
2 «Акциз» ішкі сыныбында:
13 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын сигаралар» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«13 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын сигаралар, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа»;
«14 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын этил спиртінің көлемдік үлесі 1,5-тен 12 процентке дейінгі градусы аз ликер-арақ бұйымдары» ерекшелігінің атауында «бұйымдары» деген сөздерден кейін «, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларынан басқа» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай редакцияда 15 ерекшелікпен толықтырылсын:
«15 Қазақстан Республикасының аумағына Ресей Федерациясы аумағынан әкелінетін сигаралар»;
Полная версия

