Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 39 Қаулысы
Редакция 25.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 29 қаңтардағы
 № 39 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы:  бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру
Пайымдауы:  жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт
Қазақстанда 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85 % білім беру бағдарламаларымен қамтылған. 4,5 млн. дерлік адам білім алуда. Білім және ғылым саласында 500 мыңға жуық оқытушы мен ғалым жұмыс істейді. Білім және ғылым жүйесімен республика халқының 30 %-ға жуығы қамтылған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының деректері бойынша, Қазақстан 2009 жылы адам дамуының индексі бойынша 82-орынға ие болып, адам әлеуеті дамуының жоғары деңгейлі елдерінің қатарына кірді.
Барлық білім беру деңгейлері тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, білім беру жүйесінің жай-күйіне Қазақстанда жүріп жатқан демографиялық процестер өзінің елеулі әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасындағы туылу үрдісі
#$(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Орын алған бала-бақшалар санының төмендеу үрдісіне 2000 жылы түбегейлі өзгеріс жасалды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны жыл сайын өсуде. Соңғы жылдары республикамызда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер санының өсуі байқалуда. 2009 жылы 1 қазанда ол 2000 жылғы 133,2 мың балаға қарағанда 356,0 мың баланы құрап отыр.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие
#$(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi