Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 930 Қаулысы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 13 қыркүйектегі
 № 930 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қызметтік тұрғын үй-жай берілетін қызметкерлер санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 455 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 21, 262-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 455 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 қыркүйектегі № 1240 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күші жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 455 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы № 1203 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 34, 411-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 455 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 мамырдағы № 505 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 20, 257-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi