Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2020
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 414 Қаулысы       
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2020 жылғы № 957 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Yкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiнде: 
3-тармақтың бiрiншi абзацы "10-3 (құпия)" деген сөздерден кейiн ", 10-4" деген сандармен толықтырылсын; 
22-тармақтың бiрiншi абзацы "10-3 (құпия)" деген сөздерден кейiн ", 10-4" деген сандармен толықтырылсын; 
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 10-4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
                                   N 414 қаулысына қосымша                                         Қазақстан Республикасындағы                                             қару мен оның патрондары                                              айналымының ережесіне 
"Әскерилендірілген темір жол күзеті" АҚ қызметкерлерін қаруландыру үшін белгіленген қару мен оның патрондарының түрлері, үлгілері, модельдері және саны
р/с
N №
Лауазымдар-
дың атауы
Қызметтік қару (күзет қызметін жүзеге
асырған кездегі)
Ойықты Тегіс
ұңғылы
қысқа
ұңғылы
қару
(тапанша,
револь-
вер)
Тегіс
ұңғылы
ұзын
ұңғылы
қару
(мылтық,
карабин)
Тапанша,
револьвер
Винтовка,
карабин
1 2 3 4 5 6
1 Атқыштар командасының бастығы 1      
2 Атқыштар командасы бастығының орынбасары 1      
3 Атқыштар командасының старшинасы 1      
4 Атқыштар тобының бастығы 1      
5 Темір жол көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету жөніндегі күзетші постқа 1   немесе 1 немесе 1
6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4
қыркүйектегі N 901 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы-
ның мемлекеттік күзетуге жататын объектілері тізбесінің 2-бөлімінің 2-тармағында көрсетілген объектілерден басқа, темір жол көпірлері мен тоннелдерін күзету жөніндегі күзетші
  1    
7 Осы қосымшаның реттік нөмірі 5 және 6- жолдарында көрсетілген объектілерден басқа, темір жол көлігі объектілерін күзету жөніндегі күзетші постқа 1   немесе 1 немесе 1
Р/с
N
Қарудың түрі Қарауылға
жарақталған
әскериленді-
рілген темір
жол күзетінің
жеке құрамы
қамтамасыз
етіледі
Патрондардың саны, дана
Қару бірлі-
гіне патрон-
дардың азай-
тылмайтын
қоры
Патрондардың жылдық
шығыны
1
күзетшіге
оқу мақ-
сатында
бір бірлік
қаруға
келетін
атысты
тексеруге
1 Тапаншаға 16 патрон
(2 оқжатарда)
32 12 8
2 Револьверге 14 патрон
(қораптарда)
28 12 8
3 Винтовкаға,
карабинге
15 патрон
(оқтізерде)
30 10 8
4 Тегіс
ұңғылы қару
5 патрон 5 5 -
1. Қарудың атысын тексеру үшін көзделген патрондарды басқа мақсаттарда жұмсауға тыйым салынады. 
2. Күзеттiң барлық түрлерiнiң қару резервi - қарулануда бар әрбiр 10 бiрлiкке 1 қару бiрлiгi. 
3. Тегiс ұңғылы қаруға арналған патрондар N 7, 8 бытырамен оқталады немесе азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес жарақат салатын патрондар пайдаланылуы мүмкін. 
4. "Әскерилендiрiлген темiр жол күзетi" АҚ қызметкерлерiн темiр жол көлiгi объектiлерiнен тыс қаруландыру Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне 4-қосымшаның 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi