Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.03.2014
"Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның түпнұсқасын беру" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрінің м.а. 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 159 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 223 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 ақпанда № 8326 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 08.05.2014 жылдан бастап ҚР Мәдениет министрлігінің 18.03.2014 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес және «Электрондық мемлекеттiк қызметтiң үлгi регламентiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның түпнұсқасын беру» мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 159 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8069 тіркелген, 2012 жылғы 13 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 24-825 (27896) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы»; 
«1. Қоса берiлiп отырған «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекiтiлсiн.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеу және оны ресми жария етуді; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрдің м.а.
_______________ С. Сарсенов
2012 жылғы 29 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 223 бұйрығымен
бекітілген
«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта рәсімдеу» электрондық мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527-кабинет, халыққа қызмет көрсету орталықтары (әрі қарай – орталықтар) және мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz арқылы алуға болады.
2. Мемлекеттік қызмет «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысымен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу» стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi