«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету жөніндегі және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1578 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес «Импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысанын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 20.03.2015 жылғы № 196 Бұйрығын қараңыз
1. Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету жөніндегі және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген міндеттеменің бір данасын қосылған құн салығын төлеушіден міндеттеме алынған айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей қосылған құн салығын төлеуші – сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тіркеу орны бойынша салық органдарына ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1578 қаулысымен бекiтiлген
нысан
Кедендік бақылау (кеден) департаментінің бастығына _________________________
Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету жөніндегі және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
1-бөлім. Жалпы ақпарат
Алушы/импорттаушы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы не дара кәсіпкердің тегі, аты-жөні)
Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)*
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)*
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік
Сериясы және нөмірі --------- -------------
| | | | | | | | | | | | | |
--------- -------------
Тіркеуге қойылған күн 20___ ж. "____" ________
_____________________________________________________________________
(салық органының атауы)
2-бөлім. Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиіс қосылған құн салығының сомаларын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету
20___ ж. «_____» ____________ №___________ кеден декларациясына
сәйкес есепке алу әдісімен бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы
жөніндегі декларацияда ______________________________________________
(салық кезеңі)
қосылған құн салығының сомасын
(____________________________________________________________) теңге,
(сомасы жазбаша)
көрсетуге міндеттенеді.
3-бөлім. Қосылған құн салығын төлеу есепке алу әдісімен жүргізілетін тауарларды мақсатты пайдалану
Тауарлар ретінде мыналар әкелінді:_____________________________
(тауарлардың атауы)
_____________________________________________________________________
Осыған байланысты көрсетілген тауарларды, яғни қаржы лизингі мен қайта экспорттау режимінде тауарды беруді қоспағанда, оларды одан әрі сату үшін емес, нақты өндірістік мұқтаждықтар үшін мақсаттарға сәйкес пайдалануға міндеттенеді.
Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарда пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамаларына сәйкес қосылған құн салығы сомасын және оған есептелген өсімпұлды төлеуге міндеттенеді.
Басшы _______________________________________________/_____________/
(басшының аты-жөні не дара кәсіпкердің тегі, аты-жөні,) (қолы)
_____________________________________________________________________
(жеке куәлігінің нөмірі, кім берген және берілген күні)
Міндеттеме 20_____ ж. "_____" _____________ қабылданды.
Инспектор _____________________________________________/___________/
(тегі, аты-жөні) (қолы)
Күні 20___ж "___" __________
Кеден органы М.О.
Ескертпе:
1. Импортталатын тауарларды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органына міндеттеме үш данада тапсырылады.
2. * «Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)» жолы «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңның (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап бизнес-сәйкестендіру нөмірі толтырылуы тиіс.
«Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)» жолы Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірі толтырылуы тиіс.
Полная версия