Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.03.2013
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы N 214 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 31 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6265 болып енгізілді
Редакция 20.07.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесi бекiтiлсiн.
1) "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі м.а. 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5437 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 24 қаңтардағы № 5-П бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5522 тіркелген).
3. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Экономика және бюджеттік
 жоспарлау министрінің
 2010 жылғы 6 мамырдағы
 № 214 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік
 сыныптамасын жасау ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасаудың құрылымы мен тәртiбiн айқындайды.
1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының құрылымы
2. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасы (бұдан әрi - Бюджеттік сыныптама) бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектілерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
3. Бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президентi Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының негізінде жасалады.
4. Бюджеттiк сыныптама мыналарды қамтиды:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.
Полная версия
ИС BestProfi