1. Тамақ өнімдерін өндіру мен сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне және көлік құралдарына санитарлық паспорттарды беру, есепке алу мен жүргізу ережесі бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 18.11.2009
Тамақ өнімдерін өндіру мен сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне және көлік құралдарына санитарлық паспорттарды беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 15 қарашадағы N 669 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5022 болып енгізілді.
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.11.2009 № 731 бұйрығымен. (15.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 15 қарашадағы N 669 бұйрығымен бекітілген
Тамақ өнімдерін өндіру мен сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне және көлік құралдарына санитарлық паспорттарды беру, есепке алу және жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Тамақ өнімдерін өндіру мен сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне (бұдан әрі - объектілер) және көлік құралдарына санитарлық паспорттарды беру, есепке алу және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереже санитарлық паспорттарды беру, есепке алу және жүргізудің бірыңғай тәртібін айқындайды және меншік нысанына қарамастан, заңды және жеке тұлғалар үшін орындауға міндетті.
3. Санитарлық паспорт дербес нөмірі бар белгіленген үлгідегі құжат болып табылады, объектілер мен көлік құралдарының санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға (бұдан әрі - санитарлық ережелер), сондай-ақ гигиеналық нормативтерге сәйкестігін растайды, оларды пайдалануға рұқсат беретін құжат болады.
4. Санитарлық паспорттар тағам өнімдерін өндіру және сақтау объектілеріне, ішкі сауда объектілеріне және тағамдарды тасымалдау көліктеріне беріледі.
2. Ішкі сауда, өндіріс және тағам өнімдерін сақтау объектілеріне, көлік құралдарына санитарлық паспорттарды беру, есепке алу және жүргізу тәртібі
5. Объектілерге, көлік құралдарына санитарлық паспортты ресімдеу үшін заңды немесе жеке тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына өтініш беруі тиіс.
6. Өтінішке:
1) объектіге, көлік құралдарына құқық белгілейтін құжаттар;
2) санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды (бұрын берілген қорытынды болған жағдайда);
3) тағам өнімдерінің өндірісімен, сақтаумен, сатумен және тасымалдаумен айналысатын қызметкерлердің белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітаптары;
4) өндірілетін, дайындалатын, сатылатын, тасымалданатын шикізат пен өнімнің тізбесі қоса берілуі тиіс.
7. Санитарлық паспортты ресімдеу алдында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық тексеру акті жасала және санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы беріле отырып, объектілер мен көлік құралдары санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының лауазымды тұлғаларымен санитарлық-эпидемиологиялық тексерілуге (зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін қолдана отырып) жатады.
8. Объектіні тексеру және жеке заңды тұлғаларға санитарлық паспорттың толтырылған бланкісін беру (оң шешім қабылданған жағдайда) қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақыттарында жүзеге асырылуы тиіс.
9. Объектіге санитарлық паспорт бір данада толтырылады және журналда тіркеліп, тіркеу нөмірі беріле отырып, өтініш иесінің қолы қойылып беріледі. Санитарлық паспорттың қолданылу мерзімі - оның санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарында тіркелгенінен бастап бір жыл.
10. Объектілерді көшіру, қайта жаңарту, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, технологиялық процестерді өзгерту халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын қолданыстағы санитарлық паспортқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш береді.
11. Өзгерістер мен толықтырулар қолданыстағы санитарлық паспортқа енгізіледі, бұл ретте тіркеу нөмірі сақталуы тиіс.
12. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін санитарлық паспорт мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына тапсырылуы және басқаға ауыстырылуы тиіс. Беру тәртібі осы Ереженің 5-9-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
13. Санитарлық паспортында көрсетілген деректер объектінің нақты жай-күйіне сәйкес болуы тиіс.
14. Санитарлық паспорт:
1) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған;
2) объектіні мақсатсыз пайдалану фактісі болған;
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтердің талаптары бұзылғаны анықталған жағдайда берілмейді.
15. Объектілерді өтініш бойынша тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеуі, сондай-ақ объектіні мақсатсыз пайдаланған фактісі анықталған жағдайда мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының басшысы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2737 тіркелген "Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың актілерін жасау және беру ережесін және актілердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы N 178 бұйрығына сәйкес лауазымды тұлғалардың актін береді.
16. Заң бұзушылықтарды жойғаннан кейін жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына осы Ереженің 5 -6-тармақтарына сәйкес объектіге санитарлық паспортты ресімдеу туралы өтінішті қайта ұсынуы тиіс.
17. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2680 тіркелген "Санитарлық паспорттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 21 бұйрығына сәйкес санитарлық паспортта деректер көрсетіледі.
18. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мамандарының объектілерді тексеруі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2773 тіркелген "Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілеріне қаралғандығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 212 бұйрығына сәйкес жүргізілуі тиіс.
19. Объектілерге арналған санитарлық паспорттар тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарында тіркеуге, көліктер тиісті есепке алу құжаттарын немесе электрлік есепке алу (тіркелім) жүргізу арқылы тіркеуге (есепке алуға) жатады.
Полная версия