ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 шiлдедегі N 3051 Жарлығы
Редакция 16.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының заңдарын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 шiлдедегi N 3051 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының заңдрын Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына және қарауына ұсыну, оларды тiркеу, жария ету және сақтау тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Мәтін бойынша "Заң және құқықтық сараптама мәселелері жөніндегі" сөздер "Заңнама және құқықтық сараптау" сөздермен ауыстырылды ҚР Президентінің 21.09.2007. № 413 Жарлығымен. (02.07.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Парламент қабылдаған, Парламент Палатасы (палаталары) Төрағасының (төрағаларының) және Премьер-Министрдiң алдын ала қойылған қолдарымен тиянақталған Қазақстан Республикасының Заңы қазақ және орыс тілдерінде Парламент Палатасының тиісті Төрағасы қол қойған iлеспе хатпен бірге Қазақстан Республикасы Президентiнің қол қоюына енгізіледі. Егер заңмен халықаралық шарт ратификацияланатын болса, онда заңмен бiрге осы шарттың куәландырылған көшiрмелерi қоса берiледi.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 15.02.2023 жылғы № 127 Жарлығына сәйкес (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қол қоюға түскен заңды Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Жалпы бөлім заңға қол қою немесе онымен келiспейтiнiн бiлдiрiп, Парламент Мәжiлiсiне қайтару жөнiндегi ұсынысы бар қорытынды әзiрлеу үшiн Мемлекеттік құқық бөліміне жiбередi. Заңның көшiрмелерiн де Жалпы бөлім Президент Әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне жолдайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.09.2007 жылғы № 413, 24.04.2008 жылғы № 576, 2008 11.12 № 689 Жарлықтарымен (02.07.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Президент Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік құқық бөлiмi Мемлекет басшысы көмекшiлерiнiң, кеңесшiлерiнiң, Президенттің Парламенттегі өкілдігі басшысының, сондай-ақ Президент Әкiмшiлiгi тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, заң қол қоюға түскен күннен бастап он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қорытынды әзiрлеп, оны заң мәтiндерiнiң түпнұсқаларымен бiрге Президент кеңсесiне табыстайды.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.09.2007 жылғы № 413, 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлықтарымен (02.07.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Президенттiң кеңсесi қорытындыларымен бiрге заңды Президент Әкiмшiлiгiнiң Басшысына табыстайды, ол қол қоюға ұсынылған заң және ол бойынша жасалған қорытындылар туралы Мемлекет басшысына баяндайды.
4-1. Республика Президенті Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.
Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 21.09.2007 жылғы № 413 Жарлығымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 15.02.2023 жылғы № 127 Жарлығына сәйкес (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекет басшысы қол қойған заңды Президенттiң кеңсесi Президент Әкiмшiлiгiнiң Жалпы бөліміне бередi, ол:
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 24.04.2008 жылғы № 576, 12.11.2008 жылғы № 689 Жарлықтарымен (21.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1) заңға реттiк нөмiр бередi. Бұл орайда нөмiрлеу тиiсiнше сайланған Парламент қызметi кезеңiне жүргiзiледi - ол араб цифрларымен, сайлану ретi - рим цифрларымен (сызықша арқылы) белгiленедi, ал бұдан кейiн ҚРЗ (Қазақстан Республикасының Заңы) бас әрiптер қойылады;
2) заңды арнаулы журналға қол қойылған күнiн, реттiк нөмiрi мен Парламент сайлауын көрсете отырып, тiркейдi;
3) тиiстi елтаңбалық мөрмен куәландырылған заң көшiрмесiн тиісті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға бередi;
4) Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсiне заңның тиiстi елтаңбалық мөрмен куәландырылған екi данасын бередi, ал Сенат пен Мәжiлiс аппараттары белгiленген тәртiппен өз тарапында:
"Парламент Жаршысында" жариялау және Сенатта заңды талқылау процесiнде түзелетiн алғашқы материалдармен iске қосып тiркеу;
мүдделi органдар мен ұйымдарға тарату, Мәжiлiсте заңды талқылау процесiнде түзелетiн алғашқы материалдармен iске қосып тiркеу мәселелерiн шешедi.
6. Мемлекет басшысы қол қойған заңдардың түпнұсқалары Президент Әкiмшiлiгiнiң Жалпы бөлімінде сақталады және белгiленген мерзiм өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiне тұрақты сақтауға берiлдi.
6-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 24.04.2008 жылғы № 576, 12.11.2008 жылғы № 689 Жарлықтарымен (21.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiгiнiң Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінде елтаңбалық мөрмен куәландырылған заңдардың көшiрмелерi талқылау мен қабылдау барысында түзiлген басқа материалдармен бiрге белгiленген тәртiппен тиiсiнше Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнде iстерге хатталады және Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк архивiне тұрақты сақтауға тапсырылады.
7. Қол қойылмаған заң Парламенттiң Мәжiлiсiне қайтарылған жағдайда оны қайталап талқылау және дауыс беру үшiн Мемлекет басшысы өзiнiң заңға тұтастай немесе оның жекелеген баптарына (ережелерiне) келiспеушiлiктерде тұтастай заңның немесе оның жекелеген баптарының (қағидаларының) редакциясы берiлуi мүмкiн.
8. Қазақстан Республикасының Президенті Парламентте қарсылықтарды қарау барысында Парламент депутаттарының ұсыныстарын ескере отырып, заңның немесе оның жекелеген баптарының (ережелерінің) нақтыланған редакциясын енгізуге құқылы. Заңның немесе оның жекелеген баптарының (ережелерiнiң) редакциясын нақтылау қажеттiгi туралы ұсынысты Мемлекет басшысының қарауына Президент Әкiмшiлiгi бередi.
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.09.2007 жылғы № 413, 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлықтарымен (02.07.1996 жылғы редакцияны қараңыз) 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 15.02.2023 жылғы № 127 Жарлығына сәйкес (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Мемлекет басшысының келiспеушiлiктерi Парламентте талқыланған кезде Республика Президентiнiң айқындамасын Президент Әкiмшiлiгi Мемлекеттік құқық бөлiмiнiң меңгерушiсi, Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы немесе ол уәкiлдiк берген өзге лауазымды адамдар бiлдiредi.
9-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.09.2007 жылғы № 413, 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлықтарымен (02.07.1996 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия