Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.07.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қыркүйектегі N 936 қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 6 қыркүйектегі
 N 936 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы білiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк білім мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбiнде: 
2-2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнің (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметін бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 8-құжат): 
2-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгімен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігiмен (қаржы полициясы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөніндегi іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 487 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 171-құжат): 
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"2. Орталық және жергілiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) жоспарда көзделген іс-шараларды тиiсiнше және уақтылы орындауды қамтамасыз етсiн және олардың орындалуы жөнiндегi ақпаратты жыл сайын 30 маусымға және 30 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттігіне (қаржы полициясы) ұсынсын."; 
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 
"2-1. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шiлдеге Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың орындалу барысы туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының iске асырылуы туралы жиынтық ақпаратты және Қазақстан Республикасының Президентi баяндамасының жобасын ұсынсын."; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында: 
Полная версия
ИС BestProfi