Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.03.2002
"Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Қазкөлiксервис" еншiлес мемлекеттiк кәсіпорны мен "Кеденкөлiксервис" жабық акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 9 қаңтар N 11
"Қазақстан Республикасының темiржол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 4 маусымдағы N 756 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі және Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазкөлiксервис" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнының және "Кеденкөлiксервис" жабық акционерлiк қоғамының оларды қосу арқылы "Қазкөлiксервис" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта ұйымдастырылуын қамтамасыз етсiн. 
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) онда негізгі қызмет түрi контейнерлердi тасымалдау және оларды жүк әрi қойма терминалдарында өңдеудi қоса алғанда, темiр жол контейнерлiк тасымалдарын қамтамасыз ету деп белгіленiп, Қоғам жарғысының бекiтiлуiн; 
3) Қоғамның мемлекеттiк акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне берiлуiн; 
4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қамтамасыз етсiн. 
3. Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-18-жолмен толықтырылсын: 
"Алматы қаласы" деген бөлiмдегі реттік нөмiрi 123-21-жол алынып тасталсын; 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк 
пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі
құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 
мамырдағы N 659  

 
  қаулысына:
     көрсетiлген қаулыға қосымшада:
     "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне" 
деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 160-11-жолмен толықтырылсын:
     "160-11    "Қазкөлiксервис" ЖАҚ".
     
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi