Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 19.03.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысы
1. Акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрлiктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiн сайлауды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар ұсынсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Yкiметiнiң 05.04.2003. № 328 қаулысымен. (24.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысына 1-қосымша
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ:
Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға
Смағұлов Қайрат Молдырахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары
Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiнші вице-министрi
Ысқақов Марлен Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы
Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетінің төрағасы
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi
1-тармақ өзгертілді ҚР Yкiметiнiң 04.08.2003. № 782 қаулысымен, 19.02.2004. № 193 қаулысымен, 26.07.2004. № 791 қаулысымен. (05.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" AAҚ:
Полная версия