Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.12.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысы       
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiн сайлауды қамтамасыз етсiн. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Yкiметiнiң 19.03.2005. № 250 қаулысымен. (05.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар ұсынсын.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Yкiметiнiң 05.04.2003. № 328, 19.03.2005. № 250 қаулыларымен. (24.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсін. 
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
 N 1051 қаулысына
 1-қосымша
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ:
Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға 
Смағұлов Қайрат Молдырахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары 
Қасымбек Жеңiс Махмудұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi 
Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi 
Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi 
Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi 
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-тың президентi 
1-тармақ өзгертілді ҚР Yкiметiнiң 04.08.2003. № 782, 19.02.2004. № 193, 26.07.2004. № 791, 10.11.2005. № 1118, 21.04.2006. № 306 қаулыларымен. (05.06.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" AҚ:
Полная версия
ИС BestProfi