Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2009
"Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 507 Қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.04.2009. № 598 Қаулысымен. (25.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Серiк Әбдiғалиұлы Тұржановтың "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып сайлануын қамтамасыз етсiн.
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын: 
Әбдiмомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға; 
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi; 
Қосынов Алмас Олжабайұлы - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгі Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы; 
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; 
Ермекова Несiпбала Әбсағитқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры; 
Жантаев Жұмабек Шәбденамұлы - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының бас директоры; 
Тұржанов Серiк Әбдiғалиұлы - "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы; 
Оразаева Сәуле Бақтиярқызы - "Қазгеоғарыш" акционерлiк қоғамының президентi.".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi