Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 тамыздағы N 782 қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1-тармақта "Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары" деген жол мынадай мазмұндағы "Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiнші вице-министрi" деген жолмен ауыстырылсын; 
"Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнің меңгерушiсi, төраға;" деген жолда "төраға;" деген сөз алынып тасталсын; 
"Оразбаев Бiрлiк Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;" деген жол ", төраға" деген сөзбен толықтырылсын; 
мынадай мазмұндағы "Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің кеңесшiсi" деген жолмен толықтырылсын; 
"Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;" деген жол мынадай мазмұндағы "Айтжанов Дулат Нулиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;" деген жолмен ауыстырылсын; 
"Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары;" деген жол мынадай мазмұндағы "Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары, төраға;" деген жолмен ауыстырылсын; 
"Өтембаев Ержан Әбiлхайырұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төраға;" деген жол мынадай мазмұндағы "Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшiсi, төраға;" деген жолмен ауыстырылсын; 
"Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi" деген жол мынадай мазмұндағы "Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;" деген жолмен ауыстырылсын; 
"Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары;" деген жол мынадай мазмұндағы "Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнің меңгерушiсi;" деген жолмен ауыстырылсын; 
"Тоқсейiтов Рақымберген Құманғалиұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;" деген жол мынадай мазмұндағы "Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;" деген жолмен ауыстырылсын; 
"Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнің көмекшiсi, төраға;" деген жол мынадай мазмұндағы "Өзбеков Ғани Нұрмұханбетұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;" деген жолмен ауыстырылсын; 
"Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;" деген жол ", төраға;" деген сөзбен толықтырылсын; 
10-тармақта "Метте Виталий Леонидович - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" ААҚ-тың президентi" деген жол мынадай мазмұндағы "Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" ААҚ-тың президентi" деген жолмен ауыстырылсын; 
11-тармақта "Есқалиев Ерхат Серiкұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Департамент директорының орынбасары;" және "Мұқанов Елтай Жанәбілұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Департамент директорының орынбасары;" деген жолдар алынып тасталсын; 
"Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi Басшысының орынбасары;" деген жол мынадай мазмұндағы "Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнің көмекшiсi;" деген жолмен ауыстырылсын; 
"Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi" деген жол мынадай мазмұндағы "Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегi агенттiгi төрағасының орынбасары;" деген жолмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi