Близость слов: Окончание:





ҒҒ"ҚазАвиаЛизинг" жабық акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 31 мамыр N 601
Редакция 13.09.2002 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Лизинг негізінде осы заманғы авиациялық техника мен технологиялық жабдыққа авиаоператорлардың қол жетімділігін қамтамасыз ету жолымен авиациялық қызметтер көрсету рыногын дамытуды қолдау, жаңа авиациялық техниканы пайдалану есебінен авиация көлігінің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "ҚазАвиаЛизинг" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 
2.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)                қаулысымен.  
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.09.2002. № 1004 (31.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын; 
2) қызметінің негізгі мәні авиациялық мүлікті сатып алу және лизингке беру деп белгілей отырып, Қоғамның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын берсін; 
4) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-28-жолмен толықтырылсын: 
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
     "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" 
деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 160-13-жолмен толықтырылсын:
     "160-13. "ҚазАвиаЛизинг" ЖАҚ".
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
     
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi