1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 818 Қаулысы
Редакция 07.05.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 22 маусымдағы N 137 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 сәуiрдегi N 286 қаулысында:
2-тармақтағы "акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену мен пайдалану құқықтарына ие" деген сөздер "акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) ""Қазына" АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" АҚ-тың орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесi бекiтiлсiн";
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) "Қазына" АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берудi;";
5-тармақтың 4) тармақшасындағы "мемлекеттiк пакеттерiн" деген сөздер "мемлекеттiк пакетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазына" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) бағалауды жүргiзсiн.
6-2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 5 және 6-1-тармақтарында көрсетiлген iс-шараларды орындағаннан кейiн заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазына" акционерлiк қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеудi қамтамасыз етсiн.";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумда:
1-бөлiмнiң екiншi абзацындағы "заңды тұлғалар (бұдан әрi - компаниялар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену мен пайдалану құқықтары" деген сөздер "заңды тұлғалар (бұдан әрi - компаниялар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) жарғылық капиталын төлеуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бөлiмнiң екiншi абзацындағы "шетелдiк" деген сөзден кейiн "және отандық" деген сөздермен толықтырылсын;
5-бөлiмде:
бiрiншi абзац мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерiн) сату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаулысын қабылдау жолымен "Қазына" АҚ-тың жалғыз акционерi қабылдайды.";
үшiншi абзацтағы:
"атқарушы директоры" деген сөздер "Басқарма Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену және пайдалану құқықтары "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамына берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесi";
кестенiң "Акциялардың мемлекеттiк пакетi" деген бағаны "(қатысу үлестерi)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 363 қаулысымен.
3) "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 мамырдағы N 362 қаулысында:
1-тармақтағы "акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтары "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамына берiлген акционерлiк қоғамдарға" деген сөздер "акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берiлген акционерлiк қоғамдарға (жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктерге)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Полная версия