Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.07.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 364 қаулысы
Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландыруды одан әрi жетілдіру мен оның тиімділiгiн арттыру және ипотекалық кредит беру жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен Банктің жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) банктің жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін; 
Полная версия
ИС BestProfi