Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375 Қаулысы
Редакция 21.11.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық одан әрі дамуы жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Самғау"   ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Самғау" холдингі" АҚ) құрылсын.
2. "Самғау" холдингі" АҚ қызметінің негізгі мәні мемлекеттің ғылыми-технологиялық дамуы үшін, оның ішінде бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық орта, ақпараттық жүйелер, ресурстар мен стандарттар қалыптастыру жолымен қолайлы жағдайлар жасау мақсатында акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) "Самғау" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару болып белгіленсін.
1) "Самғау" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы   меморандум; 
2) акцияларының мемлекеттік пакеттері "Самғау" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне "Самғау" холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 100000000 (бір жүз миллион) теңге бөлінсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) "Самғау" холдингі" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берсін; 
2) "Самғау" холдингі" АҚ-ны орналастыру үшін үй-жайлармен   қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын; 
3) осы қаулының 7-тармағына сәйкес "Самғау" холдингі" АҚ-ның   орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалар   акцияларының мемлекеттік пакеттеріне (қатысу үлестеріне) бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін; 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп: 
1) осы қаулының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат есебінен 100000000 (бір жүз миллион) теңге мөлшерінде "Самғау" холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 
2) "Самғау" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы   меморандумның ережелерін ескере отырып, "Самғау" холдингі" АҚ-ның 
3) "Самғау" холдингі" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет   органдарында мемлекеттік тіркеуді; 
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Полная версия
ИС BestProfi