Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.06.2016
"Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1285 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 15 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 298 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2010 ж., № 4, 39-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесінде:
1-тармақ мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
«1. Осы Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысымен бекітілген Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесіне сәйкес және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргізу тәртібін анықтайды.
Осы Ереже мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалған орындаудағы (ҚР СТ 34.025-2006 Ақпаратты қорғау. Қорғалған орындаудағы автоматтандырылған жүйелерді құру тәртібі. Жалпы ережелер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес құрылған және пайдалануға қабылданған) мемлекеттік ақпараттық жүйелерге аттестаттау жүргізуге қолданылмайды.»;
«5) өтініш беруші – АЖ-ны АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзуге өтiнiш берген АЖ иесі, АЖ иесі уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
1) қауіпсіздіктің жалпы құрылымын тексеру және құрамдастарды құрылымда орналастыруды;
2) АЖ құрамдастары болып табылатын құрамдастарының үйлесімділігін тексеруді;
3) пайдаланылатын АЖ ақпараттық қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық шараларын сараптауды;
4) пайдаланушылардың қолданыстағы қорғау механизмдерін айналып өтіп, ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін АЖ құрамдастарын аспаптық тексеруді қамтиды.»;
«9. Берiлген аттестаттар туралы мәлiметтерді уәкiлеттi органмен АЖ иесi мен АЖ әзiрлеушiсi, АЖ атауы, аттестациялық тексеру актiсі мен аттестаттың деректемелерi, аттестаттың қайта ресімделу күні мен негізі, қосымша тексеру жүргізу күндері мен нәтижелері, аттестатты қайтару/кері шақырту күндері мен негіздері, аттестаттың қолданылуының тоқтатылу күні және негіздері туралы ақпаратты қамтитын аттестаттар тiзiлiмiне енгiзедi.
10. Аттестация мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) өтініш беруші осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша келесі құжаттарды ұсына отырып, уәкілетті органға өтінім береді:
жеке басын куәландыратын құжаттың өтініш берушінің қолы қойылып куәландырылған көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
Полная версия
ИС BestProfi