«Бағалы қағаздар рыногы туралы » 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы туралы » 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне эмитенттерді және олардың бағалы қағаздарын қор биржасында айналысқа жіберу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 29 қазандағы № 332 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8163 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 189 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 6 маусымда № 85 (1311) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен белгіленген Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарда:
«1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің жалғыз құрылтайшысының (қатысушысының, акционерінің) – осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға;
2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;
3) борыштық бағалы қағаз - иесінің эмитенттен негізгі борыш сомасын шығарылым талаптарымен белгіленген мөлшерде және мерзімде алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;
4) жергілікті атқару органдарының облигациялары - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) индекстік қор - активтері осы инвестициялық қор үшін базалық болып табылатын белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретіндерге ұқсас қаржы құралдарынан тұратын инвестициялық қор;
6) индекстің өкілдік тізімі – өлшемдері қор биржасының қандай да болмасын индикаторын есептеу мақсатында пайдаланылатын бағалы қағаздар тізімі;
7) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
8) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімі - енгізілуі және болуы үшін бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар эмитенттерінің Талаптарда белгіленген шарттарға сәйкес келетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізімі;
9) қаржылық емес ұйым - қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым;
10) листингтік компания - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;
11) маркет-мейкер - қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлап отыру және қолдау көрсету жөнінде өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;
12) ресми тізім секторы – осы секторға белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар енгізілген қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бөлігі;
13) рұқсат беру бастамашысы - бастамасымен бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент не қаржы орталығының қатысушысы (қор биржасының мүшесі);
14) сауда алаңы - қор биржасының бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі, ол арқылы ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналысқа жіберілген) қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалады;
Полная версия