Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы N 1695 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 151 Жарлығына сәйкес
"Президент пен Үкімет актілерінің жинағында" жариялануға тиіс
1. "Мемлекеттік қызметтің кадр резервi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., N 47, 524-құжат, 2004 ж., N 21, 265-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"2. Мемлекеттік қызметтiң кадр әлеуетiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк басқару кадрларын iрiктеу кезiнде демократия қағидаттарын бекiту, Қазақстан Республикасының Президентiне мемлекеттiк саяси қызмет резервiнiң мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу және олармен жұмыс жөнiндегi комиссия құрылсын.";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк қызметтің кадр резервi туралы ережедегi: 
"Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервi" деген бөлiмi мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік саяси қызметтiң кадр резервi
1. Мемлекеттiк саяси қызметтің кадр резервi - бұл осы Ережеде айқындалған тәртiппен түзiлген, жүйеленген тiзiмге олар жөнiндегi деректер енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматтары. 
2. Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервi бiрiншi және екiншi санаттағы кадр резервiне бөлiнедi. Мемлекеттiк саяси қызметтiң кадр резервiне кандидаттарды iрiктеу және олармен жұмыс жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - Кандидаттарды iрiктеу жөнiндегi комиссия) шешiмi бойынша екiншi санаттағы кадр резервiнен бiрiншi санаттағы кадр резервiне ауысу жүзеге асырылуы мүмкiн. 
3. Мемлекеттік саяси қызметтің бiрiншi санаттағы кадр резервi - бұл: 
1) орталық атқарушы органдардың басшылары; 
2) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерi; 
3) өзге де мемлекеттік саяси қызметшiлер лауазымдарына орналасу үшiн жасақталатын кадр резервi. 
4. Мемлекеттiк саяси қызметтiң екiншi санаттағы кадр резервi - бұл: 
1) орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары; 
2) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерінің орынбасарлары; 
3) орталық атқарушы органдар ведомстволарының басшылары; 
Полная версия
ИС BestProfi