"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1 бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қараша N 492 Жарлығы
Редакция 23.10.2001 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 23.10.2001 жылғы № 710 жарлығымен (30.11.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 23.10.2001 жылғы № 710 жарлығымен (30.11.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі N 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 4-тармақтың 2) тармақшасындағы "Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органының" деген сөздер "ведомстволарының" сөзімен ауыстырылсын;
2) 7-тармақтағы "Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органының басшысы" сөздері "Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының басшылары" сөздерімен ауыстырылсын;
3) 9-тармақтағы:
1) тармақша ", Комитет Төрағасының орынбасарлары арасында міндеттерді бөледі" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерін және ведомстволарын құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстар жасайды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарын, әскери қарсы барлау органдарын, әскерлерді, арнаулы мақсаттағы бөлімшелерді, өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарын және ведомствоға қарасты ұйымдарды құрады, қайта құрады және таратады";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының және аумақтық органдарының, әскери қарсы барлау органдарының, әскерлердің, арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің, өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының және ведомствоға қарасты ұйымдардың құрылымын, функционалдық міндеттері мен штатын, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекітеді, бұған олар туралы ережелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ведомстволар кірмейді;";
9) тармақшасындағы "құзыретін" сөзі "өкілеттігін" сөзімен, "Комитет жанындағы үкіметтік байланыс органы басшысының" сөздері "ведомство басшыларының" сөздерімен ауыстырылсын;
10) тармақша мына редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігі Басшысының келісімімен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы бойынша департаменттерінің, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тізбе бойынша өзге де ұлттық қауіпсіздік органдарының бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ басқа да лауазымды тұлғаларды тағайындау мен босату тәртібін белгілейді;";
мынадай мазмұндағы 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
"22) әскери қызметшілерге, жұмысшылар мен қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы белгілеудің тәртібі мен шарттарын анықтайды;
23) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Әскери кеңесі туралы ережені, оның саны мен құрамын бекітеді.".
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзінің нормативтік құқықтық актілерін осы Жарлыққа сәйкестендірсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 30 қараша N 492 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Yкiметтiк байланыс қызметi туралы ЕРЕЖЕ Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереже күшін жойды ҚР Президентінің 23.10.2001 жылғы № 710 жарлығымен (30.11.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия