1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және»"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 24.08.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсан N 152 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5109 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Екінші деңгейдегі банктердің және»"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге және»"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 152 қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің және»"Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы " 1995 жылғы 30 наурыздағы, " Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1973 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және»"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - банктер) бухгалтерлік есеп жүргізуін нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) борыштық бағалы қағаздар - заем қатынасын куәландыратын қаржы құралдары;
2) кредиттік дериватив - активті жеке сатуды қолдамай, актив бойынша кредиттік тәуекелді бір тараптан (бенефициардан) басқа тарапқа (гарантқа) ауыстыруға мүмкіндік беретін қаржы құралы;
3) кредиттік-дефолт свопы - екіжақты қаржы құралы, мұнда бірінші тарап (кредиттік-дефолт свопы мәмілесі бойынша сатып алушы) кезеңдік төлемдерді басқа тарапқа (кредиттік-дефолт свопы мәмілесі бойынша сатушыға) кредиттік жағдайдың басталуына негізделген төлемге айырбас ретінде жүргізеді;
4) үлестік бағалы қағаздар - ұйымның таза активтеріндегі (міндеттемелер шегерілген активтер) үлесіне құқығын куәландыратын бағалы қағаздар. Осы Нұсқаулықтың мақсаты бойынша борыштық бағалы қағаздарға акциялар, акцияларға арналған депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың айқындамасына кіретін басқа да бағалы қағаздар жатады.
3. Банктер жасайтын операциялардың бухгалтерлік есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия

