Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.12.2020
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 4 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 наурызда № 6796 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 109 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және екінші деңгейдегі банктер мен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы жасайтын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 152 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5109 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
бүкіл мәтін бойынша «Саудаға арналған», «саудаға арналған» деген сөздер тиісінше «Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын», «әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шетел валютасын, қаржы құралдарын, тазартылған қымбат металдарды, туынды қаржы құралдарын және басқа да активтерді валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруіне немесе банктің жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді реттейтін ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен олардың әділ құнының сатылған және (немесе) сатылмаған кірістер және (немесе) шығыстар деп бөлмей өзгеруіне байланысты қайта бағалаудан болған кірістердің және шығыстардың сомаларын көрсетуге жол беріледі.»;
«10. Шетел валютасын сатып алу бойынша спот мәмілесін жасаған күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) шетел валютасын сатып алу бойынша шартты талаптар сомасына:
Дт  6405  «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты                  талаптар»
Кт  6999  «Шетел валютасымен мәмілелер бойынша позиция»;
шетел валютасын сатып алу бойынша шартты міндеттемелер сомасына:
Дт  6999  «Шетел валютасымен мәмілелер бойынша позиция»
Кт  6905  «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты                  міндеттемелер»;
2) шетел валютасындағы талаптар сомасына:
Дт  1894  «Спот операциялары бойынша талаптар»
Кт  2858  «Шетел валютасы бойынша ұзақ валюталық позиция»;
Дт  1859  «Шетел валютасының теңгедегі (ұзақ валюталық                  позицияның) қарсы құны»
Полная версия
ИС BestProfi