Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 650 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 59-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 9 маусымдағы
 № 650 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 13 желтоқсандағы
 № 1345 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Мәсімов                - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы        Министрі, төраға

Қасымов                - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет              министрі, төрағаның орынбасары
Нұрмұханбетұлы

Тыныбеков              - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Қайрат Сағатханұлы       министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің
                         төрағасы, хатшы

Дауылбаев              - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
Асхат Қайзоллаұлы       (келісім бойынша)

Әбіқаев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұртай                   комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қожамжаров             - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
Қайрат Пернешұлы         және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                         агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы
                         (келісім бойынша)

Қайырбекова            - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы        министрі

Қазыханов              - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы            министрі

Құл-Мұхаммед           - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы          министрі

Жұмағұлов              - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы       министрі

Жұмағалиев             - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы          ақпарат министрі

Әбдіқалықова           - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
Гүлшара Наушақызы        әлеуметтік қорғау министрі

Ермегияев              - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
Талғат Амангелдіұлы      министрі

Жәмішев                - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Түсіпбеков             - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы

Имашев                 - Қазақстан Республикасының Парламенті
Берік Мәжитұлы           Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Сыздықова              - Қазақстан Республикасының Парламенті
Бақыт Ахметқызы          Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Турецкий               - Қазақстан Республикасының Парламенті
Николай Николаевич       Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Қарин                  - «Нұр Отан» халықтық демократиялық
Ерлан Тынымбайұлы        партиясының хатшысы (келісім бойынша)

Байсақова              - «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы»
Зүлфия                   заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма
Мұхамедбекқызы           төрайымы (келісім бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi