Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2014
Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 13.02.2014 жылғы № 88 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1102 қаулысымен
бекітілген
Республикалық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы
1. Осы Республикалық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және республикалық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін қоспағанда, республикалық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің иелігіне түскен жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар) мүліктік жалдау (жалға алу) объектілері (бұдан әрi - объектілер) болып табылады.
Ақша, бағалы қағаздар және мемлекеттің мүліктік құқықтары мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартының объектісі (нысанасы) бола алмайды.
3. Объектілерді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруді мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – жалға беруші) объектінің баланс ұстаушысының келісімі бойынша жүзеге асырады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекеттік мүлікті жалдаушы (жалға алушы) ретінде (бұдан әрі – жалдаушы) әрекет етеді.
5. Мүлiктiк жалдау (жалға алуға) шарты (бұдан әрі – шарт) шарт талаптарын тиiсiнше орындаған жағдайда шарттың қолданылу ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзiмге жалға берушінің шешімі (бұйрығы) негізінде жасалады.
Егер шартта белгіленген мерзім өткенге дейін баланс ұстаушы жалға берушіге шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша бас тартуды ұсынбаса, шарттың қолданылу мерзімін ұзарту жалға берушінің шешімі (бұйрығы) негізінде негізгі шартқа қосымша келісім жасау жолымен жүзеге асырылады.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуды қоспағанда, шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін Шарт тоқтатылды деп саналады.
Шартта жалдаушыға Заңның 105, 106, 120 және 145-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында тікелей көзделген жағдайларда жалдауға (жалға алуға) берілген объектіні иеліктен шығару туралы талап көздеулі мүмкін.
Полная версия
ИС BestProfi