Близость слов: Окончание:





Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 Қаулысы       
Редакция 08.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 879 Қаулысымен (29.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 572-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1104 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 505-құжат).
3. Осы қаулы үкіметтік сыртқы қарыздардың және республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды қоса қаржыландырудың қаражатынан қаржыландыру болжанатын жобаларға қолданылмайды.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.08.2023 жылғы № 647 Қаулысына сәйкес (20.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2225 қаулысымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 879 Қаулысымен (29.12.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Үлгі жобалар, үлгілік жобалық шешімдер, қайта қолданылатын жобалар бойынша объектілерді және техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салуды көздейтін жобалар.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.08.2023 жылғы № 647 Қаулысына сәйкес (20.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді салуды, сондай-ақ инфрақұрылымды қамтамасыз етуді көздейтін жобалар, оның ішінде:
1) 3000 оқушыны қоса алғанға дейінгі жалпы білім беретін мектептер мен интернат мекемелерін салу;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.07.2020 жылғы № 434 Қаулысына сәйкес (03.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) қоса алғанда 500 орынға дейінгі мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу; 
3) қоса алғанда 600 орынға дейінгі кәсіптік лицейлер салу; 
4) қоса алғанда жұмыс істеп тұрған мектептерге 900 оқушыға дейінгі интернаттар салу; 
5) мүмкіндіктері шектеулі (нашар көретін, естімейтін және нашар еститін, сөйлеу қабілеті бұзылған және т.с.с.) балалар үшін қоса алғанда 500 орынға дейінгі мектеп-интернаттар салу; 
Полная версия
ИС BestProfi