Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысы
Осы редакция 21.07.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
" Автомобиль көлiгi туралы " 2003 жылғы 4 шiлдедегі және " Автомобиль жолдары туралы " 2001 жылғы 17 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өту ережесi және қауіпті жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлік құралдарына қойылатын бiлiктiлік талаптар бекiтiлсiн.
2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлген қауіпті жүктердiң тiзбесi бекiтілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 12 наурыздағы
 N 316 қаулысымен
 бекiтiлген
Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптары 
1. Осы Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген. 
2. Ереженiң әрекетi қауiптi жүктердің тасымалына байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады. 
3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезінде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтімiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез-келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады. 
4. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде қолданыстағы стандарттарға сәйкес қауiптi жүктердiң жiктемесi қолданылады.
2. Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктер  
  тасымалын ұйымдастыру 
5. Қауiптi жүктердi тасымалдау көлiк саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде жүзеге асырылады. 
6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердiң тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және қауiптi жүктердiң тасымалы үшiн пайдаланатын автокөлiк құралдары осы Ереженiң 3 және 4-бөлiмдерiнде жазылған бiлiктiлiк талаптарына сай болуы тиiс. 
7. Қауiптi жүктер мамандандырылған автокөлiк құралдарымен немесе осы мақсатқа бейiмделген басқа көлiк құралдарымен тасымалданады. 
8. Қауіпті жүктердi тасымалдау кезiнде тиiстi уәкiлеттi орган берген нақты қауіпті жүкпен қызметтi жүзеге асыруға лицензияның (рұқсаттың) болуы талап етiледi. 
Полная версия
ИС BestProfi